{metadescription}
Оралда толассыз жауыннан қаланың іші суға көлкіп жатыр
Оралда толассыз жауыннан қаланың іші суға көлкіп жатыр

Оралда толассыз жауыннан қаланың іші суға көлкіп жатыр

Оралда толассыз жауған жауын тұрғындарды әбігерге салды. Қар күрт еріп, қала іші суға көлкіп жатыр. Көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын су басып, жер үйлерге де кірген. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да зардап шекті. Коммуналдық қызмет пен құтқарушыларға көмек сұрап телефон шалғандарда шек жоқ.

Күнсұлу Мәжитова, Орал қаласының тұрғыны:

— Біз 2019 жылдан бері тұрамыз, мұндай болған емес. Өткен жылы ана тұрған үйлерге су кірген, біз аман шығып едік. Қазір бізге қарай ағылып жатыр. Не істерімізді білмей тұрмыз.

Жан-жақтан аққан қар суына ие болу мүмкін болмай жатыр. Тасқын тіпті тұрғын үйлерге де кіріпті. Коммуналдық мекемелер арнайы көлікпен суды сорғызып жатыр. Бірақ ағынның беті қатты. Күннің күрт жылынып қар еритінін синоптиктер де алдын ала ескерткен. Оның үстіне жаңбыр жауып жағдайды күрделендіре түскен. Көпқабатты үйлердің аулаларына да су толып, жертөлелер малмандай су болып жатыр. Соның салдарынан тұрғындар үйіне кіре алмай жүр. Тіпті қала әкімдігінің ғимаратына да су кіріп, дәретханадан лықсып ағып жатыр. Шенеуніктер құм толы қапшықтар әзірлеп, көшеде су соратын 70 шақты көлік жұмыс істеп жатқанын айтады. Бірақ одан жағдай жақсарғаны байқалмайды. Төтенше жағдай қызметіне жүгінгендер де көп. Әдеттегідей, басшылар үйін тасқыннан қорғай алмаса, оған тұрғындардың өзі кінәлі деп отыр.

Жандос Дүйсенғалив, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

Көршілері ауласынан қыстай қар шығармайды. Әрине, қызыл су сол жақтан құйылып жатыр. Оның үстіне көп үйдің іргетасы төмен, кейбірінде мүлдем жоқ. Өткен жылы да, дәл осындай проблема болған. Тұрғындар бірақ сабақ алмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде