{metadescription}
Шенеуніктер: Биыл егінге қатысты алаңдауға негіз жоқ
Шенеуніктер: Биыл егінге қатысты алаңдауға негіз жоқ

Шенеуніктер: Биыл егінге қатысты алаңдауға негіз жоқ

Биыл елімізде астық аз егіледі. Бидай алқаптарын төрт жүз отыз мың гектарға қысқарту жоспарланған. Ауыл шаруашылығы министрлігі оның орнына басқа дақылдар мен мал азығының үлесін арттырмақ. Оған қоса биылғы егіннің бітік шығатынына үкіметтегілер сенімді және әдеттегідей шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде беріп отыр. Фермерлер мен диқандар қандай мәселелерге тап болуы мүмкін және министрлік оларды қалай шешпек? Айдарбек Сапаровтың оптимизмге толы жоспарын айтып берді.

Үкімет алдағы егіс науқанының жоспарын бөлісті. Биыл бидай алқаптары жарты миллион гектарға жуық қысқарып, оның орнына картоп, күнбағыс, қант қызылшасын көбірек егу жоспарланып отыр екен. Сонымен қатар күріш пен мақта алқаптары да қысқартылады.

Бұған алдымен су тапшылығы себеп дейді премьем-министр. Үкімет басшысы елге қандай өнім қажет екенін нақты есептей алмайтын, шаруалармен де байланысы нашар әкімдер мен ауыл шаруашылығы министріне де шүйлікті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Егіншілердің арасында суды көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын әдейі азайтып көрсету фактілері де көп кездеседі. Бұл су тапшылығына байланысты қалыптасып отырған күрделі ахуалды одан сайын қиындатып жібереді. Жалпы, егіс алқаптары мен статистиканың нақтылығына қатысты мәселелер бар.

Премьер-министрдің өңірлердегі шаруалардың сапалы тұқымның жоқтығына шағымдануына қатысты әкімдерге де сауалы жетерлік. Бұл рейтингте анти-көшбасшы Қарағанды облысы. Ал Ауыл шаруашылығы министрі азық-түлік корпорациясының тұқым қоры бар деп сендірді. Есесіне, ауыл шаруашылығына қажет техника қаусап тұр. Жаңалауға тағы қаржы қолбайлау.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Қазір жалпы техника паркінің шамамен 75%-дан астамының тозығы жеткен. Оның басым бөлігі оңтүстік облыстарға тиесілі. Биыл ауыл шаруашылығы техникаларын біршама сатып алуды жоспарлап отырмыз. Осылайша біз жаңаруды төрт жарым пайыздан бес жарым пайызға жеткіземіз.

Сондай-ақ Алматы облысында шіріп жатқан пияздың жайы да сөз болды. Ауыл шаруашылығы министрі бұған пияз экспортының төмендеуі себеп деп түсіндіріп отыр.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

 Алдыңғы жылы 180 мың экспортқа жіберетін болсақ, биыл – 117 мың. Экспортымыз 70 мыңға төмендеп қалды. Ішкі сұраныс та азайды. Сондықтан баға төмендеп кетті. Оған қарамастан жұмыстар жалғасып жатыр. Сауда және интеграция, Көлік министрліктерімен бірге жұмыс істелінуде. Қазір бұл пияздың 160 мыңын сату керек. Грузия, Әзірбайжан олармен келісімшарт бар.

Шенеуніктер биыл егінге қатысты алаңдауға негіз жоқ деп отыр. Орта есеппен гектарына он үш центнер өнім аламыз деп жоспарлап та қойыпты. Тек күздегі бәрі қағаздағыдайболса игі. Оған қоса, зиянкестерімен күресті естен шығармау маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша, былтырғыдан гөрі биыл шегірткелер бірнеше есе көбейеді. Сондықтан аймақтарда қар еріген бойда жерді арнайы заттармен өңдеу жұмысы басталады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.