{metadescription}
АШМ: Жаңаарқадағы жұтқа жауапкершілігі төмен фермерлер де кінәлі
АШМ: Жаңаарқадағы жұтқа жауапкершілігі төмен фермерлер де кінәлі

АШМ: Жаңаарқадағы жұтқа жауапкершілігі төмен фермерлер де кінәлі

Мал иелеріне де сұрақ көп. Жаңаарқадағы жұтқа жергілікті билік қана емес, жауапкершілігі төмен фермерлер де кінәлі дейді ауыл шаруашылығы министрі. Себебі: мал азығын жеткілікті дайындамаған.

1 наурыздан бері Ұлытау өңірінде вице-министр бастаған топ мән-жайды анықтап жатыр. Жүздеген бас жылқының қатқан қарда тебіндей алмай арам қатқанына ауа райы ғана себеп емес деп санайды Айдарбек Сапаров. Бұған күзде жем-шөп қорын жинақтағанда 100 пайыз дайын деп жалған есеп берген жергілікті әкімдер мен сайманын сайлап, жем-шөбін жайлап қоймаған мал иелерінің тікелей қатысы бар. Егер мал азығы жеткіліксіз екенін сол кезде-ақ хабарлағанда, көрші аймақтардан орнын толтыруға болушы еді деп отыр министр. Былтыр облыста жұттың алдын алуға деп бөлінген 1 жарым млрд теңге субсидия да көмектесе алмаған. Жалпы бүгінгі есеп бойынша 360 бас жылқы қырылғаны анықталыпты.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Біз сол жылқылардың иесін таба алмай жатырмыз. Бізде малдың біріздендіру базасы бар. Онда бұл жылқылар тіркелмеген. Демек жылқы өзі жайылған, оған ешкім қарамаған. Алайда малға қарап, бағатын жылқышылар болуы тиіс қой. Әр жылқы үшін ақша төленуі керек. Сондықтан мұнда мал иелеріне де сұрақ бар. Ал жылқы етінің бағасына келсек, еш қымбаттамайды. Өйткені жылқы шаруашылығы жақсы дамып жатыр. Елімізде 4 млн бас жылқы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде