Мұнай зауыттары Ресейге сатыла ма? Министрдің жауабы
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары Ресейге сатылмақшы деген ақпарға қатысты бүгін энергетика министрі жауап берді. Нақты сатуға қатысты ұсыныс та, хат та болған жоқ дейді Алмасадам Сәтқалиев.
Автор: Айжан Шамшидин
26.03.2024
Бұған дейін әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытына «Лукойл» компаниясы, ал Павлодар мұнай-химия зауытына "Газпром" компаниясы көз салғаны туралы ақпар тараған-ды. Бірақ жекенің қолына аталған зауыттардың өтуі туралы коммерциялық шарттар жасалған жоқ дейді министр. Дегенмен инвестиция жағынан мемлекетке тиімді жобалар болса, зауыттарды жекешелендіру мәселесін энергетика министрлігі қарауға әзір.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
—Нақты сатып алушылар туралы айтар болсақ, мұндай келісімді мақұлдау жөнінде ешбір орган энергетика министрлігіне жүгінген емес. Қандай да бір коммерциялық келісім туралы айту әлі ерте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!