Оралдықтар «Рой» кооперативіне ақша салып, баспанасын ала алмаған
Оралда «Рой» кооперативіне ақша салып, баспанасына қол жеткізе алмағандар шу шығарды. Бірнеше жылдан бері кезек күтіп шаршаған тұрғындар салған ақшасын қайтаруды талап етіп кооператив кеңсесіне баса-көктеп кірді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
26.03.2024
Жаңылсын Исағалиева, салымшы:
— 2019 жылдан бастап осы ROI-ға деген үй аламыз деп ақша салып, балаларымыз, өздеріміз, содан жинап салып, ақшамыз жиналып қалды. Енді ROI-дан үйде ала алмай жатырмыз, енді 2022-ден бастап ақшамызды кері алуға арыз жазғанбыз. 2022 жылдың қыркүйегінен бері осы уақытқа дейін ақшамызды ала алмай жүрміз.
Кооператив кеңсесіне жиналған салымшылар баспана аламыз деген арманмен бар ақшасын құйған. Алғашқыда бірнеше адам пәтер алып қоныс той жасапты. Кейін баспаналы болғандардың қатары сирей бастаған. Осыны көріп күдерін үзген салымшылар кооперативпен келісімшартты бұзыпты. Бірақ «Рой» компаниясы ешкімнің ақшасын кері қайтаруға асығар емес. Барлығының кооператив кеңсесін жағалап жүргеніне үш жылға жуықтаған. Салған қаражатының сомасы да әртүрлі. Бүгін де тұрғындар кооператив төрағасын орнынан таппады. Басшының телефон арқылы берген жауабы мынадай.
— Неге бізді алдайды?
— Бірден айтайын, ешкім сіздерді алдаған жоқ.Себебі бізде шотты жауып тастады.Олар ақшаларыңызды үнемі суырып әкетіп шығып жатыр. Сіздерге айтайын, қараңыздар, шотты жапқанына дәлел бар, көрсете аламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!