{metadescription}
Абай облысында 38 елдімекенді су басу қаупі бар
Абай облысында 38 елдімекенді су басу қаупі бар

Абай облысында 38 елдімекенді су басу қаупі бар

Абай облысында 38 елдімекенді қызыл су басуы мүмкін. Күн жылынып қар ери бастағалы құтқарушылар тәуілік бойы өзен-көлдерді бақылауда.

Биыл көктемгі тасқынның алдын алуға 477 миллион теңге бөлінген. Әсіресе Көкпекті, Үржар, Ақсуат, Жарма, Бородулиха аудандары қызыл судың астында қалуы мүмкін. Өйткені кей аудандарда қыста жауған бір метр қардың әлі 90 пайызы ерімеген. Оның үстіне таудан аққан су өзен-көлдердің деңгейін арттып жіберуі мүмкін. Сондықтан құтқарушалар 400-ден астам техникаларын сайлап жедел топттар құрып жатыр. Тіпті тасқын бола қалса, тұрғындарды орналастыратын балабақшалар мен мектептерді дайындап қойған.

Азамат Орымбаев, Абай облысының ТЖД бастығының орынбасары:

Біз арнайы үш жедел топ құрдық. Ол біздің Семей қаласының қызметкерлері. Әр бір топта 25 адам. Үш техника, су соратын құралдары мен қайықтары бар. Егер жағдай күрделеніп жатса, біз аудандарға оны жібереміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде