Алматы ажырасу мен отбасы құру жағынан көш бастап тұр
«Көрсеткіш тым төмен». Былтыр елімізде 120 мыңнан аса жұп заңды түрде некесін қидырған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға аз. Осылайша отбасын құруға құлық танытпайтындар жағынан антирекорд тіркеліп отыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
26.03.2024
Мәселен, сонау 2008 жылдың өзінде 135 мыңнан астам жұп ерлі-зайыпты екенін растайтын куәлік алыпты. Ол кезде халық саны тіпті 16 миллионға да жете қоймаған. Ал қазір 20 миллионнан асса да, статистика көңіл көншітпейді. Бірақ былтыр ажырасқандардың саны да едәуір азайыпты. Өткен жылы 17 мыңға жуық ерлі-зайыпты тіл табыса алмай айырылысқан екен. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 5 пайызға азырақ. Ажырасу жөнінен де, отбасы құру саны жағынан да Алматы қаласы көш бастап тұр. Былтыр Оңстүстік астанада 13 мыңнан аса жұп некелесіп, 2 мың 300 жанұяның шаңырағы шайқалыпты. Ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау облысында. Өткен жылы мұнда мың жарым жұп отбасын құрса, 198-і ажырасқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!