{metadescription}
Ақтауда қыруар қаржы жұмсалған әткеншектер қирап жатыр
Ақтауда қыруар қаржы жұмсалған әткеншектер қирап жатыр

Ақтауда қыруар қаржы жұмсалған әткеншектер қирап жатыр

Ақтауда былтыр ғана орнатылған архитектуралық нысандар қирап жатыр. Бюджеттің миллиондары жұмсалған әткеншектер бір жылға жетпей жарамсыз болып қалған.

Белгісіз біреулер қаланың қақ ортасындағы әткеншектің шынжырын үзіп, орындығын сындырып кеткен. Вандалдардың әрекетін дәл іргеде тұрған полиция бөлімшесіндегі қызметкерлер де байқамапты. Қазір тәртіп сақшылары бұзақыларды іздестіріп жатыр. Ал тұрғындап бұл архитектуралық нысандардың тым сапасыз салынғанын айтуда.

Айта кетейік, осыған дейін теңіз жағалауына орнатылған әткеншектерді де қиратып кеткен еді.

Бахтияр Мақсатов, Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары

Әткеншектерді сындыру, вандализм әрекеті көп орын алуда. Өткен жылы да, оның алдыңғы жылы да абаттандыру нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Полиция басқармасына бірнеше рет хат жолдадық. Олар өз тарапынан бақылау жүргізуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде