Оралда төтенше жағдай: Қар суы үйлерге кіріп, жертөлені басты
Оралда тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Себеб:і еріген қар суы үйлерге кіріп, жертөлелерді басқан. Мамандар енді өзеннің тасуынан қорқып отыр. Ал облыс аумағында ауыл тұрғындарын құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қызыл су басқан Анқаты ауылынан 27 адам көшірілді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
27.03.2024
Бұл ауылда сегіз аула мен 16 үйді су басқан. Тұрғындар уақытша мектепке орналастырылды. Құтқарушылар тасқынды ауылдан айналдырып өткізуге тырысып жатыр. Облыстық тетенше жағдайлар департаменті жағдай ауыр екенін мойындайды. Қызыл судың қарқынын жауын көтеріп жеберді.
Соңғы тәулікте Оралда 18 үйге су кіріп, бірнеше әлеуметтік нысанның жертөлесін басқан. Қалада табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қала әкімі облыс басшысынан тасқынға дайындалмағаны үшін сөгіс те алды. Жаппай эвакуация әлі басталмады. Бұл жағдайға қала іргесіндегі Деркүл елдімекенінде 50 адамға арналған арнайы орын дайындалған. Ергіген қар суы тасқынның басы ғана. Қазір арнасынан асуы мүмкін өзендер жіті бақылауға алынды.
Нұралы Мусиев, БҚО ТЖД басқарма бастығы:
– Шежін 2, Деркул, Өлеңті және Шыңғырлау өзендері күрт көтерілді. Мұздың үстінде су жүріп жатыр. Кейбір жерлерде су мұзды көтеріп, сең қозғалды. Облыс орталығында департамент базасында жедел штаб жұмыс атқаруда. Барлық құзыретті мекемелердің қатысуымен штаб жұмысы жалғасып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!