Абай облысында сүңгуірлер тасқын су ағызып әкеткен үш адамды іздеп жатыр
Абай облысында тасқын су үш адамды ағызып кетті. Аягөз ауданында сүңгірулер суға кеткен малшы мен екі тракторшыны іздестіріп жатыр. Олар қызыл су лап қойғанда қашып үлгермей қалған. Сондай-ақ аталмыш аудандағы көпір де топан суға шыдас бермеді. Ал Жарма, Жаңасемей ауданында жұрттың қора-қопысысы суға көлкіп жатыр. КТК тілшісі оқиға орнында жүр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
27.03.2024
Аягөз ауданында тасқын үш адамды ағызып кетті. Арыны қатты қызыл су Аягөз - Бозай тасжолындағы көпірді қиратқан. Ал топан суды кешіп өтпек болған тактор төңкеріліп қалған. Ішіндегі жүргізушісі мен жолаушысы ұшты-күйлі жоқ. Сондай-ақ тағы бір малшы суға ағып кетті деген болжам бар. Сондықтан құтқарушылар лай судан үш адамды іздестіріп жатыр.
Азамат Орымбаев, Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары:
-Трактордың ауып кеткен фотасын көрдік. Болжам бар, суға кетті деген. Соған байланысты іздестіру жүріп жатыр. Оған құтқарушылар мен қайықтар және арнайы құрылғы жұмылдырылды. Айта кетейік, бұл жұмыс құтқарушыларға қауіпті. Өйткені өзеннің ағысы өте қатты. Оның үстіне лай су іздеу жұмысын қиындатып жатыр.
Еріген қар суы өңір тұрғындарын шырғалаңға салып жатыр. Әсіресе Жарма, Жаңа Семей, Аягөз ауданы қызылсудың астында қалды. Шар қаласында үш көшені су басып, 14 үйдің ауласына су кірген.
Қазір жұрттың қора-қопсысы судың ортасында тұр. Қараша еріген қар суы жылдағыдан көп мөлшерде екенін айтады. Алғашында оның тереңдігі 20 см жеткен екен. Сондықтан жұрт болып жұмылып арық қазуға мәжбүр болдық, дейді.
Ирина Говорунова, Шар қаласының тұрғыны:
-Техникалармен көрші-қолаң қаптап кетті. Өзім түсінбей қалдым. Қарасам, су басып жатыр. Бәріміз бірігіп арық қазуға кірістік. Жыл сайын көктемде су басады. Билік жаздың күні неге терең қылып арық қазбайды? Судың арнасын бұруды ерте қолға алған дұрыс.
Елдімекенге аққан судың арнасын бұруға 10 техника мен 30 адам жұмылдырылған. Олар өзен арнасын бекітіп, үй ауласына кірген суды сорғызып жатыр.
Ердос Мұрынбаев, Шар қаласының әкімі:
-Қаптарымыз болған. 500 қап төседік. 250 тонна инерттік материал жұмсалды. Соның арқасында үйлерді аман сақтап қалдық. Су 14 аулаға кірді. Бірақ ешқандай қауіп болған жоқ.
Жаңа Семей ауданындағы Қаракөл ауылы да су астында қалды. Бірақ атқамінерлер тек «төрт ауыл жапа шекті» деп есеп берген. Тұрғындар атқамінерлердің өтірігін әшкере қылды. Ал мамандар төтенше жағдайға тап болған аудандарда судың деңгейі төмендегенін жіткізді. Әйтсе де олар тәулік бойы күзетіп, өзен-көлдерді бақылап жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!