{metadescription}
Ақтөбе облысында төтенше жағдай: Су басқан үйлер құлап, халықаралық жол бұзылды
Ақтөбе облысында төтенше жағдай: Су басқан үйлер құлап, халықаралық жол бұзылды

Ақтөбе облысында төтенше жағдай: Су басқан үйлер құлап, халықаралық жол бұзылды

Ақтөбе облысындағы бір ауданда тасқынға қатысты төтенше жағдай жариялады. Тура бір жыл бұрын су басқан Қобда тағы да табиғи апатқа тап болды. Су басқан үйлер құлап, көрші Оралға қатынайтын халықаралық автожол бұзылды.

Бұл өңірде жағдай күннен-күнге нашарлап барады. Тіпті қаланың өзінде тұрғындар толарсақтан су кешіп жүр. Төтенше жағдайлар департаменті су басқан үйлердің нақты санын айта алмай отыр.

Қобда ауданының орталығын бүгінде жаяу аралу мүмкін емес. Бүтін ауылды топан су басқан. Былтыр ғана осында тасқыннан жүзге жуық шаңырақ үйсіз қалып, су кіргендері баспанасын ала жаздай кептіре алмай әлекке түскен. Қырдан аққан қызыл судың қарқыны биыл тіпті сұмдық болды деп шошынады далада қалған жұрт.

Былтыр бір ай суда тұрдық. Таңғы алтыда су келді. Үйде кішкентай балам бар. Ауыратын балам бар. Осылай бәріміз далада тұрмыз.

Былтырғы жағдайдан да сұмдық жағдай болып тұр ғой. Былтыр менің үйіме су келген жоқ. Аулаға келді, қораға келді. Енді былтырғыдан жақсы болады деп отырғанда, былтырғыдан екі есе сұмдық болып тұр.

Қобдада үйлерден бөлек, мектеп, спорт кешені, тіпті прокуратура ғимаратына дейін белауардан суда тұр. Бұл жақта аудан көлемінде төтенше жағдай жарияланды. Көршілес Батыс Қазақстан облысына баратын жол да жабылды. Трассаның Қобда ауданы тұсын тасқын талқандап кеткен.

Ізгілік Тынымгереев, Қобда ауданының әкімі:

Қобда ауданы аумағында 28 наурыздан бастап жергілікті сипаттағы табиғи төтенше жағдай жарияланды. Қобда өзені өз арнасынан шығып, Қобда ауылының батыс бөлігі тұрғын үйлерге су кіріп кетті. Зардап шеккен адамдарға тиісті көмек берілетін болады.

Облыс орталығында да жағдай оңып тұрған жоқ. Неге бүтін бір аймаққа төтенше жағдай жарияланбай отырғанын тұрғындар түсінбей дал. Өмірі арнасы толмайтын Сазды өзені тасып, қаланың қақ ортасы суға толды. Ақтөбенің бір шетін бөгеп жатса, екінші бөлігін тасқын алып жатыр. Үйін су басқан тұрғындар бала-шағасымен мектептерге орналастырылып жатыр. Қазір төрт білім ошағында 150-ден аса адам жанын сауғалап жүр. Олардың қанша уақыт сонда тұратыны әзірге белгісіз. Тұрғындар тасқын кезінде құтқарушылардан көмек болмады деп ашынады.

Клара Төлегенова:

20 минут ішінде үйім суға толып кетті. Шыға алмай қалдым. ТЖД-ға екі жарым сағат телефон соқтым. Екі жарым сағатта келген жоқ, соңында көтеріп алып шықты. Алтыдан бастап сегіз жарымға дейін хабарластым. Қараңғы түскенше тоқтарды айырып тастап, диванның үстінде отырдым.

Қала шетіндегі елдімекендердегі су бағытын бұру үшін жолдарды бұзуға тура келген. Кейбір тұрғын үй алаптарына көлік кіре алмайды.

Ақтөбе шетіндегі Жібек жолы тұрғын үй алабындағы амбулаториялық бөлімшеге науқастар келмек түгілі, дәрігерлердің өзі жолай алмайды. Сондықтан мекеме жабық тұр.

Ақтөбе облысы бойынша дәл қазіргі кезде су басқан әлеуметтік нысандардың саны оннан асқан. Оның ішінде мектеп те, балабақша да, бюджеттік мекемелер де бар.

Өңірде тасқыннан су астында қанша үйдің қалғанын ешкім білмейді. Құтқарушылар оны санау қазір мүмкін емес деп отыр. Қызыл судың беті қайтпай, келген шығынды да есептеу қиын дейді.

Нұрғали Жүнісов, Ақтөбе облысы ТЖД бастығы:

Екі-үш күн деп ойлаймын, 100 пайыз суға кеткен үйлер анықталады. Қазір 100 пайыз неге біз анықтай алмай жатқан себебіміз, қазіргі күнге дейін мынау даладағы қар еріп, су әлі келіп жатыр. Сол үшін аулаға лап қоюы әлі де мүмкін.

Құтқарушылар қырдағы тоң сол күйі жатқанын айтады. Ылғал сіңбей, көлкіп тұрғаны қауіпті дейді. Ал Ақтөбе су қоймасы мен Сазды толған, Қарғалы қоймасы ғана жартылай бос.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде