{metadescription}
Қылшақты өзені арнасынан асып, Көкшетауды су басты
Қылшақты өзені арнасынан асып, Көкшетауды су басты

Қылшақты өзені арнасынан асып, Көкшетауды су басты

Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан асып, қаланы қызыл су басты. Көшеде көлік қозғалысы қиындап, тұрғындар жаяу жүруден қалды. Тіпті тасқын жер үйлерге кіріп, көпқабатты үйлердің жертөлесі малмандай су болды. Өзен жағалауында орналасқан жекеменшік кәсіпорындар да зардап шекті.

Қылшақты  өзені арнасынан асып, қызыл су көпқабатты үйлерге таралған. Көзді ашып жұмғанша көшеде жаяу жүру түгілі, көлікпен қатынау қиындап кетті. Шырт ұйқыда жатқан жұртты да қызыл су ұйқысынан оятқан. Әсіресе өзенге жақын орналасқан жер үйлер малмандай су болды.

Жанталасып бала-шағасын құтқаруға ұмтылған тұрғындар дүние-мүлкіне де қарамай сыртқа шығып үлгердік дейді. «Бұл жағдай жылда болады, сонда әкімдер қайда қарап отыр?!» деп, ашулы тұрғындар  айғайға басты. 

Алмагүл Оразова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Жыл сайын әкімдік не бітіріп отырады?! Су өздігінен сіңіп кетеді деп ойлай ма? Ылғалдан көгереді, үйдің іргетасы отырады. Соның бәріне ақшасын төлесін. Кабинетте отырады, шікірейіп, киініп алып!

Бас-басына бір-бір машинадан. Мына жағдайды, не болып жатқанын көрмейді де!

Шынында да тұрғындардың үйдегі мүлкі малмандай болып суда тұр. Баспанасын тастай қашқан олар, әзірге не әрекет етерін білмей дал. Төтенше жағдай мен коммуналдық қызмет Қылшақты өзенінен қазір алып мұздарды қалқып, сыртқа шығарумен айналысып жатыр. Әзірге су басқан үйлерге еш көмек келген жоқ.

Тиісті  қызметтер жабылып жүріп Қылшақтының мұзын шығарып жатқанда, маңайдағы жер үйлер белшесінен суға батты. Қазір бала-шағасын басқа жаққа жіберген тұрғындар баспанасын күзетіп жүр. Таңертеңнен бері бұл жерге көмекке бірде-бір техника келмеген.

Өзен бетіндегі мұзды шығарып, су ағысының жылдамдығын арттырып жатқанда, ағылған су қаланың арғы бетіне жайылды. Ол жердегі жер үйлерді қызыл су басып қалды. Өре тұрып далаға шыққан тұрғындар шарасыз күйге түскен. Тасқын №8 мектепке де жетті. Сусорғыш техника жеткенше, еден жуатындар шелектеп тасып әлек. Ал жауаптылар «тасқынға табиғи құбылыс себеп» деп жайбарақат отыр.

Қанат Доспаев, Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

Бұл жағдайға түрлі табиғи факторлар себеп болды. Өткен күзде ылғал өте көп түсті. Желтоқсанға дейін жаңбыр жауды. Жердің бетіне бес сантиметрге дейін мұз қатты.Оның үстіне қар былтырғымен салыстырғанда екі есе көп жауды. Алдын алу жұмыстары жүргізілді, әрине. Қазір өзен жағасын бекіту, су сорғызу, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал су кірген үйлердің саны мен шығыны есептеліп, оларға мемлекеттен бірреттік көмек беріледі екен. Бірақ тасқын қаупі сейілді деуге әлі ерте. Өйткені өзен толық ерімеген. Оның үстіне ауа райы мың құбылып, өңірде әлі қар да толық еріген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде