{metadescription}
Мопедшілер қозғалтқышының көлеміне қарамастан, көлігін тіркеуге тиіс
Мопедшілер қозғалтқышының көлеміне қарамастан, көлігін тіркеуге тиіс

Мопедшілер қозғалтқышының көлеміне қарамастан, көлігін тіркеуге тиіс

Елімізде мопед жүргізушілеріне тағы қатаң талап болады. Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңға өзгертулердің енгізіліп жатқанын хабарлады.

Көшеде оңды-солды жүйткіп жүрген мопедшілер міндетті түрде қозғалтқышының көлеміне қарамастан, көліктерін тіркеуге тиіс. Сәйкесінше, оған жүргізуші куәлігі қажет. Осылайша жол ережесін бұзғандарды оңай қолға түсіретін боламыз дейді ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Соңғы кезде заңды өрескел бұзып, жүргізуші куәлігінен айрылғандар да темір тұлпарды қойып, осы бір жаңашыл көлік түрін ермек етуде. Заңға енгізілетін түзетулердің ішінде ережеге бағынбайтын мопедшілерді құрықтауға әр аймақтың әкімі де өз үнін қоса алады делінген. Қазақстанға бекітілген қатып қалған қиғидалардан бөлек, әр аудан мен қала әкімдері өздерінің қосымша талабын қарастыруы мүмкін.

Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Қозғалтқыш көлеміне қарамастан, мопедтердің барлығы көлік санатына жатқызылады. Оларды жүргізу үшін А1 нұсқасындағы жүргізуші куәлігі мен 16 жастан асу керек. Осыдан кейін мопедтердің барлығын тіркеп есепке қоямыз. Мопед жүргізушілерінің арасында ішіп алып та, шегіп алып та жүргізе беретіндері бар. Жол-көлік қауіпсіздігін осылайша бұзып, еш жауапқа тартылмай жүре береміз деп ойлайды. Ішкі істер министрлігі бұлай болмайтынын ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.