{metadescription}
Президент Боао Азия форумында алыс-беріске қатысты біраз мәселе қозғады
Президент Боао Азия форумында алыс-беріске қатысты біраз мәселе қозғады

Президент Боао Азия форумында алыс-беріске қатысты біраз мәселе қозғады

Әлемге әділдік пен ашықтыққа негізделген жаңа сауда жүйесі қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумында сөз сөйлеп, талай кедергіге тап болып тұралап қалған алыс-беріске қатысты біраз мәселе қозғады.

Әлеуеті өте жоғары Азия елдері көлік транзитінде әріптестікті әлі де кеңейте түсуі керек деп санайды мемлекет басшысы. Қытайда өтіп жатқан Форумда Тоқаев сары құрлықтың әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күші болатынын да атап өтті. Былтыр тек Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 41 миллиард долларды құраған. Жалпы Қытайдан Еуропаға құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 80 пайызы біздің ел арқылы өтеді. «Бұл артықшылықты біз толық пайдалануымыз керек» - деді мемлекет басшысы. Бірқатар халықаралық ұйым мен ірі компания басшыларымен кездесу өткізген президент барлығын маусымда өтетін Астана экномикалық форумына шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Орталық Азияда бидай өндіруде жетекші ел саналатын Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін жаһандық азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдалануға ниетті. Біз мақсатты бағдарламалар жасау, бірлескен агроинновациялық орталықтар құру және инновациялық технологиялар трансферті арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз. Ол үшін күш жұмылдыруымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.