Контрабанда: Үш жарым миллион қорап темекіні шекарадан өткізбек болған
Жамбыл облысында ірі көлемде заңсыз темекі өнімдері тәркіленді. Үш жарым миллион қорап темекіні контрабандалық жолмен шекара асырмақ болған. Төрт жүк көлігіне тиелген тауар Қырғызстаннан Түркияға жол тартыпты.
Автор: Сәбит Әлдебай
28.03.2024
Ірі көлемдегі контрабанда тауар Тараз маңындағы «Айша-Бибі» өткізу бекетінде ұсталды. Акциз маркасы жоқ темекіге әу баста асбұршақ ретінде құжат жасалған. Тексерген кезде жүк көліктерінен құжатқа сай тауар шықпаған. Тіркелмеген тауар түгел тәркіленіп, жүргізушілерге қатысты хаттама толтырылды. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері соңғы кездері темекі өнімдерін заңсыз тасымалдау жиілеп кеткенін айтады.
Байдос Байбозин, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма сарапшысы:
— Бұған дейін Қордай өткізу бекетінде де жедел алдын алу шарасы өткізілді. Тіркелмеген темекі өнімін өткізуге оқталғандар бірнеше мәрте ұсталды. Заңсыз темекі өнімдері жолаушылар автобусынан да, жеңіл автокөліктерден де шығып жатыр. Бүгін жалпы саны 15 мың жәшік темекі табылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!