{metadescription}
Репортаж: Өңірлерде тасқын бой бермей, жағдай күрделеніп барады
Репортаж: Өңірлерде тасқын бой бермей, жағдай күрделеніп барады

Репортаж: Өңірлерде тасқын бой бермей, жағдай күрделеніп барады

Тасқын бой бермей барады. Қостанай облысында Арқалық қаласы мен екі ауданда төтенше жағдай жарияланды. Кешеден бері ауылдардан адамдар тікұшақ көмегімен құтқарылып жатыр. Батыс Қазақстан облысында 500-ге тарта үйге су кірген. Өзендердің деңгейі де көтеріліп жатыр.

Ұлытау облысындағы Жезді елдімекенінде төтенше жағдай жарияланды. Қаптап келген қызыл судан қашқан 150-ге тарта тұрғын қауіпсіз жерге көшілірілді. Ал Абай облысында қызыл су араласып тасыған өзенге ағып кеткен үш адам әлі іздестіріліп жатыр.

Қостанай облысында тасқын шайған елдімекендерден адамдары құтқару қызу жүріп жатыр. Техника мен қайық жетпеген жерлерге тікұшақтар тартылған. Осыған дейін Арқалықтан 300-ден аса, Амангелді ауданынан 46, Жангелді ауданынан 90 адам құтқарылды. Көмек күткен тұрғындар үйінің төбесіне шығып жан сақтап отыр. Шатырға шыққандарды құтқару түнімен де тоқтаған жоқ.

Тасқын ауылдармен қоймай, бөгетер мен жолдарды да қиратқан. Осы елдімекендерде 150-ге тарта үй су астында қалыпты. Көмекті әлі күтіп отырғандар да көп.

Дәурен Рахметқалиев, Қостанай облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

Шалғай орналасқан қыстақтар мен шаруа қожалықтарында 130 адам көмек күтіп отыр.Күре жолдардың жеті учаскесін су басқан. Өңірімізге Қарағанды, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облысынан құтқарушылар көмекке келді. Тасқынмен күресуге 900 адам мен 450-ге тарта техника қатысып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында Орал қаласы, Теректі және Қаратөбе аудандарында төтенше жағдай жарияланды. 432 тұрғын үйге су кірді.

700-ден аса адам бөтен босағаны сағалап кетті. Күре жолдардың 33 жерін су шайған. бес ауылға жол жоқ. Сырым ауданында Өленті өзені деңгейінің көтерілуінен Өленті, Жымпиты, Бұлдырты ауылдарындағы тұрғын үйлерді су басқан.

Ал Оралдың өзінде Шаған, Деркүл және Орал өзендерінің тасу қаупі күшейді. Қалада бірнеше құтқару пункті ашылды. Тағы басқа да ғимараттар сайлана бастады. Өңірдегі жағдай күн өткен сайын күрделеніп барады.

Нұралы Мүсиев, БҚО ТЖД ескерту бөлімінің бастығы:

Шыңғырлау, Бұрлы аудандарында жағдай күрделі. Өзендегі су көлемі құбылып тұр. Күрт көтерілуі де тіркелді. Тасқала және Бәйтерек аудандарында қардың қоры әлі көп. Сол аумақтар ерекше бақылауға алынды.

Аягөз қаласы, Аягөз өзені Айғыз ауыл округінде жоғалған адамды іздестіру әлі жүргізілуде. Су деңгейі күннен-күнге көтеріліп жатыр. Ағыс қатты болып тұр.

Абай облысында Аягөз өзенінен атпен өтем деп суға аққан 47 жастағы малшыны әлі іздестіріп жатыр. Ал Қарағаш ауылында екі азамат Борлы өзенін трактормен кесіп өтпек болғанда суға кеткен. Құтқарушылар тракторды тапты, ал екі адам жоқ.

Жарма ауданындағы жағдай да алаңдатарлық. Қызыл су Үшбиік ауылындағы көшені басқан. Сонымен қатар Семей, Петропавловка, Ресей шекарасы автожолын су алып, көліктерге жол жабылды. Тасқын қаупі бар аудандар бақылауға алынды дейді мамандар.

Азамат Орынбаев, Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Ақсуат, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай аудандары бақылауда. Барлық өзендердің маңайында тәулік бойы кезекшілік құрылған. Бүкіл күш-құрал жұмылдырылуға дайын.

Ал Ұлытау облысындағы Жездіде төтенше жағдай жарияланды. Қызыл су қосылған Жезді өзені арнасынан асып ауылға кірген. Тасқын 20 шақты үйді басып, ауылдағы 128 адам жергілікті мектепке орналастырылды. Оның 65-і бала. Қауіпсіз жерге 100-ден астам қолдағы мал айдалды. Өңірдегі тасқын қаупі бар деген бірнеше елдімекен бақылауға алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде