Каспийде итбалықтар тағы қырылып жатыр
Каспийде тағы да итбалықтар қырылып жатыр. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында жағалаудан 62 сүтқоректінің өлексесі табылды.
Автор: Әйгерім Ашықбаева
29.03.2024
Жағалауға шығып қалған теңіз жануарының өлекселерін жергілікті тұрғындар серуендеп жүргенде байқап қалып, суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялапты. Осыдан кейін облыс балық инспекциясы мамандары мен экологтар оқиға орнына барып, жағалауда барлау жүргізген. Судан сынама алып сараптамаға жасамақшы. Сүтқоректілердің нақты неден қырылғаны белгісіз. Бірақ итбалықтар теңіздегі қатты дауылдан кейін өлуі мүмкін деген болжам бар.
Андрей Руцкий, Маңғыстау облысы балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:
— Үш күн қатарынан теңіздің батыс және солтүстік-батыс жағалауында қатты жел соқты. Соның салдарынан итбалықтарды жағалауға шығарып тастаған.Бүгін мониторинг кезінде Баутин ауылының аумағында 62 итбалықтың өлексесі табылды. Теңіз жануарларының өлу себебі медициналық сараптама қорытындысынан кейін анықталады. Көбіне итбалықтың күшіктері қырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!