{metadescription}
Жастар пайдаланылып жүрген «еліктіргіш газға» тыйым салынады
Жастар пайдаланылып жүрген «еліктіргіш газға» тыйым салынады

Жастар пайдаланылып жүрген «еліктіргіш газға» тыйым салынады

Шардан да келетін қауіп қатты. Жастар қазір көңіл көтеруге пайдаланылып жүрген «еліктіргіш газға» тыйым салынбақ. Ішкі істер министрлігі азот оксидіне толған шарларды таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді жоспарлап отыр.

Бүгінде тиісті заң жобасы Мәжіліс қарауында. Құжат жыл соңына дейін қабылдануы тиіс.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

 — Клубтарда біз оларды әкімшілік 426 кодекспен жауапкершілікке тартатын мүмкіншілік бар.20 арнайы айлық есептік көрсеткіш.Бірақ енді біз оны қылмыстық жауапкершілікке теңейік деп арнайы жұмыс атқарып жатырмыз.

Ішкі істер министрлігі есірткі саудасының да өршіп тұрғанын айтады. Ресми деректерге сәйкес, былтыр кәмелетке толмаған 41, ал биыл 10 жасөспірімнің нашаны таратумен айналысқаны анықталған. Көбіне есірткі сатушылар жасөспірімдердің психологиялық тұрғыда жетілмегенін пайдаланып, солар арқылы қомақты қаржыға кенеледі. Ал бұл іспен ұзақ айналыспаймын деп жеңіл ақшаның буына мастанып, бұрыш-бұрышқа есірткі тығып кететін балаларға 2 мың теңге төленеді екен. Бұл ретте Ішкі істер министрлігі есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталып, 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Шыңғыс Әлекешев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

Баланың «закладчик» болып жұмыс істейтінін қалай білуге болады? Баланың телефонында подъездердің, аялдамалардың, үй қабырғаларының суреттері болғанда дабыл қағу керек. Жеке заттарының арасында изолента, пакеттер, электронды таразы, таблетка немесе көзге арналған тамшыларға ұқсас заттар табылса, осыған жіті назар аудару қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде