{metadescription}
Ботаника бағына аққулар қайта оралды — Алматы
Ботаника бағына аққулар қайта оралды — Алматы

Ботаника бағына аққулар қайта оралды — Алматы

Алматыдағы Ботаника бағына аққулар қайта оралды. Қыста жылы жаққа ұшатын қос аққу, күзге дейін осындағы көлді мекендейді.

Қызыл кітапқа енген құстардың күтімі бақтағы мамандардың бақылауында. Сұлулық пен махаббат символына айналған қос аққу көпшілікті сүйсіндіріп, ботаникалық баққа келушілерді қуантып жатыр. Бақ әкімшілігі айдын көлдің еркесін әркім қолдан қоректендіруге болмайтынын айтады. Мұнымен тек кәсіби мамандар айналысуы қажет. Өйткені жеуге болатыны-болмайтыны және құстар қорегінің тәулік межесі бар.

Баян Қоспанбетова, «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК жарнама және дамыту бөлімінің басшысы:

Ботаника бағының керемет маусымы басталды. Мұнда келушілердің көзайымына айналғаны – аққулар. Осымен аққулар келушілерді қатарынан төртінші маусым қуантуда. 2021 жылы қайта жаңартуда екі аққуды бізге сыйға тартты. Айта кететін жәйт, келушілерге аққуларды тамақтандыруға рұқсат етілмейді. Оларды қоректендіретін арнайы мамандар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде