{metadescription}
Тасқын Қызылқоға мен Жылыой аудандарын әбігерге салып жатыр
Тасқын Қызылқоға мен Жылыой аудандарын әбігерге салып жатыр

Тасқын Қызылқоға мен Жылыой аудандарын әбігерге салып жатыр

Ақтөбені шайып өткен қызыл су Атырау облысына беттеді. Мұғалжардан бастау алатын Ойыл мен Жем өзені шекаралас Қызылқоға мен Жылыой аудандарын әбігерге салып жатыр.

Тіпті тасқынға байланысты Қызылқоға ауданында дереу төтенше жағдай жарияланды. Дабыл қағылып, қарттар мен бала-шаға мектептерге түнеп шықты. Жергілікті әкімдік елдімекендердегі мал-жанды қауіпсіз аймақтарға көшіріп үлгердік дейді. 

Аудан орталығы Миялы қазір аралда тұр. Үйлерге су кірмегенімен, ауданмен қатынас үзіліп, жолдарды су басқан. Жергілікті тұрғындар бөгендер тұрғызып, ауылды арыны қатты қызыл судан аман алып қалудың қамын жасауда. Оларға көмек беру үшін Атыраудан да жүздеген ер азамат жолға шықты. Себебі Ойыл өзенінің деңгейі үш тәулікте бес метрге дейін көтерілген. Төтеншеліктер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылып жүріп 50 шақырымға жуық аумақ бөгеттерді нығайтып жатыр.

Қанат Әзмұханов, Қызылқоға ауданының әкімі:

Ойыл өзенінің деңгейі сағат сайын түсіп келеді. Эвакуация пункттеріндегі тұрғындар өз баспаналарына қайтып жатыр. Әзірге ахуал тұрақты. Қауіптің бұлты сейілді десек те болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде