{metadescription}
Көкшетауда арнасынан Қылшақты өзені сабасына түсті
Көкшетауда арнасынан Қылшақты өзені сабасына түсті

Көкшетауда арнасынан Қылшақты өзені сабасына түсті

Көкшетауда арнасынан асып жұртты әбігерге салған Қылшақты өзені сабасына түсті. Су деңгейі төмендеп, көлкіген көшелер тазартылды. Сондықтан Жамбыл облысынан көмекке келген жеті арнайы көлік пен 60 шақты құтқарушы тасқын қаупі төніп тұрған Атбасарға аттанды.

Есесіне, екпіндеп келген қызыл су қазір Солтүстік Қазақстанға жетті. Көрші облыстың тұрғындары да тас-түйін дайындалып тасқыннан қауіптеніп отыр.

Ұлан Бейсенбаев, Көкшетау ТЖБ бөлім бастығы:

Өзеннің жағасында инертті материалдардың бәрін орнатып,судың мөлшері өз деңгейінде тұр. Су мөлшерін өлшейтін алты құрылғы орнатылды. Қызметкерлерімізщ екі сағат сайын қадағалап, есеп облыс штабына жіберіледі.

Су деңгейін құрылғы арқылы бақылап отырған арнайы штаб «кез келген жағдайға әзірміз» деп отыр. Қылшақты тасығанда Көкшетау көшелері ғана емес, 79 жер үйді су басқан. Қазір ол баспаналарды төтенше жағдай қызметі мамандары тексеріп, тіркеп жатыр. Зардап шеккен отбасыларға өтемақы төленеді.

Көкшетаудан кейін ағын су көрші облыстың Талшық кентіне де жеткен. Түн ішінде ауыр техникамен елдімекеннің маңайын қазып, қызыл суды егістік алқапта тоқтатыпты. Ауыл тұрғындары мен төрт түлік басқа жерге көшірілген. Ал аудан орталығы Тайыншаның тұрғындары қазір сөмкесін жиып дайын отыр. Құтқарушылар кез келген уақытта оларды да көшіруі мүмкін.

Солтүстік өңірде су басу қаупі бар 87 елдімекен бар екен. Қауіптің алдын алу үшін өзен-көлдерде мұз жару жалғасып жатыр. Төтеншеліктер келесі аптада күн күрт жылынып, қауіп күшейеді дейді.

Мұрат Қанғожинов, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Біз алдағы аптада қардың күрт еріп, тасқын болу ықтималдығын болжап отырмыз. Өйткені соңғы күндері минус біір градусқа дейін күн салқындап, еру жағдайы тежелді.Синоптиктер ертеңнен бастап күн жылына түсетінін, бірте-бірте 15-17 градусқа дейін баратынын айтады. Сондықтан бар күшті тасқынның алдын алуға жұмылдыруға тиіспіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде