Қуандық Бишімбаев: Салтанатты қатыгездікпен өлтірді деген сөзбен келіспеймін
"Қасақана өлтірген жоқпын". Сот алдында жауап беріп жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бүгін де өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Есесіне, марқұм әйелі Салтанат Нүкеноваға қатысты айтпағаны жоқ. Дегенмен қасақана болмаса да, қанды қылмысқа қатысы барын тілге тиек еткен Бишімбаев марқұмның жақындарынан кешірім сұрады.
Автор: Мерей Қалиасқар
01.04.2024
Қуандық Бишімбаев, айыпталушы:
— Шыны керек, қандай да бір сөз айту қиын. Мені кешіреді деп те ойламаймын. Дегенмен кешірім сұрау — парызым, шынайы жанайқайым. Мен бұл жағдайға қатысым бар екенін білемін. Екіншіден, кінәсіз екенімді және кінәмді мойындамайтынымды айтқаным, мен саналы түрде әдейі, аса қатыгездікпен әйелім Салтанатты өлтірді деген сөзбен келіспеймін.
Бүгінгі сотта күйеу баласынан талай нәрсені естіген марқұмның анасы қалшылдап, өзін қоярға жер таппады. Ал Бишімбаев «адамның да, Құдайдың да алдында жауап беруге дайынмын» деп отыр.
Мұқым елдің назарынан түспеген сотта экс-шенеунік әйелімен қалай танысып, арадағы қарым-қатынастың үйлену тойына дейін қалай жалғасқанын аракідік тіпті күлкімен еске алды. Айтуынша, тойдан кейін Салтанат жоқ жерден ұрыс шығарып, қит етсе кетемін деп қорқытқан. «Түн ортасында ұятсыз түрлі видео келді, арамыз содан кейін суыды, тіпті маған дейін Салтанаттың тек отбасылы азаматтармен көңіл жарастырған екен» деп, Бишімбаев бүгінгі отырыста талай нәрсені айтты.
Қуандық Бишімбаев, айыпталушы:
— Ол маған кабинетімде ер адаммен бірге түскен сурет бар екенін айтты және біраз уақыт сол адамның сүйіктісі болғанын мойындады. Мен ол адаммен таныспын. Әлбетте, мұны естігенде төбемнен жай түскендей жайға қалдым. Ол одан 20 жас үлкен, төрт баласы бар және Қазақстанда өте танымал адам деп айтуға болады. Шынайы болуы үшін оның атын атап өтейін. Оның аты Райымбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!