Ақтауда аралас жекпе-жектен өткен жарыста 17 жастағы жігіт көз жұмды
Ақтауда аралас жекпе-жектен өткен жарыста 17 жастағы жігіт көз жұмды. Кикбоксингтен әлем чемпионы Қанат Ахунов облыстық турнирде қарсыласының соққысынан кейін сұлық жатып қалған.
Автор: Әйгерім Ашықбаева
01.04.2024
Осы сәтті көрермендер видеоға түсіріп үлгерген. Онда кеудесіне тиген соққыдан кейін қызыл киімдегі спортшы құлап қалады. Оған дереу алғашқы көмек көрсетілгенімен, жасөспірім шаршы алаңда ес жимастан жан тапсырды. Алайда марқұмның жаттықтырушысы шәкіртінің соққыдан көз жұмбағанын айтады. Қанат жарыс кезінде әлсіреп тұрғанын айтыпты. Ал ұйымдастырушылар жасөспірім турнирге қатысар алдында денсаулығы жарамды екенін растайтын анықтама өткізгенін айтады.
Абайсызда кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. 300-ден астам спортшы келген жарыс осы оқыс жағдайдан кейін дереу тоқтатылған.
Эльвин Агаев, марқұмның бапкері:
— Қанаттың аралас жекпе-жекке келгеніне үш айдан асты. Жарыста ауыр салмақта бақ сынады. 1-ші раундты жедел 20 секундта аяқтап тастады. Бірақ маған келіп, басы айналып, жүрегі айнып тұрғанын айтты. Суын ішкізіп, жарысты не істейтінін сұрадым. Тоқтатқысы келмей, қайтадан рингке шықты. Қазір тергеу жүріп жатыр. Аталған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!