Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен алған ақшаны заңдастырғанын мойындады
Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен алған ақшаны заңдастырғанын толығымен мойындады. Елордадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта кәсіпкер айыптау актісіндегі сомалармен келісті.
Автор: Мерей Қалиасқар
01.04.2024
— Айыпталушы, сізге тағылған айыпты мойындайсыз ба?
– Мойындаймын, құрметті сот.
— Толық?
— Толық.
— Айыптаудағы сомалармен келісесіз бе?
— Келісемін.
Тергеу мәліметінше, белгілі бизнесмен заңсыз жолмен тапқан қаржыға әлемнің бірқатар елінде мүлік сатып алып, ал қалғанын елдегі және шетелдегі есепшотына салып қойған.
218-баппен кінәлі деп танылғандарға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот отырысына онлайн қатысқан айыпталушы шығынды өтеуге келісіп, тергеумен келісім жасауға дайын екенін жеткізді. Осыған байланысты сот процестік келісімді жасау мәселесін шешу үшін отырысты кейінге қалдырды.
Қазір Қайрат Сатыбалды жазасын Шығыс Қазақстан облысындағы колонияда өтеп жатыр. Бұған дейінгі ақша жымқыру ісінде де ол кінәсін толық мойындап, шығынды өтеген соң мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сонымен қатар оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге де тыйым салынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!