{metadescription}
Алматы облысында су қоймасы жарылып, жұрт 40 тонна балыққа қарқ болған
Алматы облысында су қоймасы жарылып, жұрт 40 тонна балыққа қарқ болған

Алматы облысында су қоймасы жарылып, жұрт 40 тонна балыққа қарқ болған

Алматы облысында Ворошилов су қоймасы жарылып, 40 тонна балық сумен ағып кетті. Байкент ауылының халқы тегін балыққа қарық болған. Ел-жұрт екі күннен бері сазан, көксерке мен ақ амурды қармақпен де, қолымен де аулап жүр. Ал су қоймасының иесі шығынды кімнен өтерін білмей дал.

Апат өткен сенбіде Ворашилов су қоймасында болды. Әу баста кішкентай ғана тесіктен су атқылап ағып, кейін қарқыны күшейіп, жарты сағаттың ішінде бөгетті жарып жіберген.

Сарқырап аққан су Жармұхамед өзенінің негізгі арнасына түсіпті. Ары екі тоспаға құйылған. Абырой болғанда маңайында орналасқан елдімекендерге қауіп төнбепті. Ал сусыз қалған қойманың иесі «шаш-етектен шығынға баттым» деп отыр.

Любовь Петрова, кәсіпкер:

Ворошилов су қоймасын біз 2017 жылы тендермен 49 жылға ұтып алғанбыз. Осында келетін балықшылардың арқасында күн көріп келген едік. Енді жұмысымыз тоқтап қалды. Апатқа біздің кінәміз жоқ. Менің ойымша, бұл жер сілкінісінің кесірі. 40 тоннадай балық төмен қарай ағып кетті.

Кәсіпкер шарасыз күй кешсе, ел-жұрт төмен қарай ағып кеткен балықтарды аулап әлек. Екі күн тоқтамай, мұнда балықшылардың саны үзілмеген. Бірі қармақпен, өзгелері тормен, енді бірі шанышқымен шаншып жүр. Әрқайсысы қоржынын толтырып үлгерген.

Азат Сердалиев,

500 келі ұстадым-ау деймін. Ең үлкені шамамен 15 келі. Ұзындығы метрдей. Судак, амур, сазан бар.

Әзірге бөгеттің жарылуына нақты не түрткі болғаны белгісіз. Бірақ нөсер жауын-шашыннан емес екені анық. Өйткені сол сәтте су қоймасы жартылай ғана толып тұрған.

Асхат Қалиев, Байкент ауыл округінің әкімі:

Көлдің сыйымдылғы 1 млн 360мың текше метр. Ол кезде 700 текшесі 50 пайызында болған. Жоғарғы емес, төменгі қабатынан жарылған. Оған енді өзінің уақыты да келген шығар. Өйткені 1910 жылдан бері тұр. Күрделі жөндеу жүргізілмеген.

Ал бөгетті кім қалпына келтіріп, шығынды кім өтейтінін әкім айта алмады. Су қоймасы мемлекет меншігінде болған соң, кәсіпкерге қол ұшын созамыз деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде