{metadescription}
Көрерменнің көзайымына айналған "Дау-дамайсыз" — жаңа форматта!
Көрерменнің көзайымына айналған "Дау-дамайсыз" — жаңа форматта!

Көрерменнің көзайымына айналған "Дау-дамайсыз" — жаңа форматта!

Көрерменнің көзайымына айналып, түйткілді мәселенің түйінін "Дау-дамайсыз" шешкен бағдарлама жаңа форматта эфирге оралды. Жүргізушілер Гүлмира Әбіқай мен Жазира Бегалының қатары "Жаңалықтар" бағдарламасында өткір тақырыптарды жеткізуде кең танылған тілшілеріміз Аруна Ортай және Асқарбек Қазанғаппен толықты. Енді "Дау-дамайсыз" жаңа құраммен аптасына төрт рет, сағат 18:40 -та шығып тұрады.

Жеті жыл қатарынан эфирден түспеген бағдарламада талай жанның мәселесі оң шешімін тапты. Жобаның басты мақсаты да сол қоғамдағы қорғансыздарға жол сілтеп, әділеттікті ту ету. Заң аясында кез келген проблеманы дау-дамайсыз шешу.

Срайыл Смайыл, "КТК" АҚ Бас директорының орынбасары:

Телевизиядағы ең сәтті жобалардың бірі. Өйткені мұнда проблеманы, яғни түйткілдерді ашып көрсетеді. Керекті жерде сын айту. Бұл бағдарламаның ең басты ерекшелігі мәселені шешу. Қалай шешілгенін көрсету. Бұл, әрине, оңай емес. Редакцияға хабарласатын тұрғындар тақырыпты өзі ұсынады. Сондай дәрежеге жетті. Сондықтан сәтті жоба деуге болады.

Бағдарлама талай жыл көрерменнің өзегін өртеген көптеген тақырыпты қозғады. Құзырлы орындарға жеткізіп мәселенің оңтайлы шешелуіне атсалысты. Әрине, көрермені де көбейген. Сондықтан хронометражын ұлғайтып, аптасына төрт күн жиілікпен шығаруға тура келді.

Жазира Бегалы, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының авторы және жүргізушісі:

«Дау дамаймыз» біз, Гүлмира Әбіқай екеуміздің жеті жыл бойы жетектеп өсірген перзенттіміз сияқты.Өйткені жеті жыл бойы қаншама тағдыр, қаншама отбасы, қаншама ауыл мәселесі шешілді. Бұрын Гүлмира екеуміз аптасына бір рет бір отбасының ,бір ауылдың немесе бір адамның мәселесін шешіп жүрген болсақ,қазір қатарымызға танымал журналист Асқарбек Қазанғап, Аруна Ортай қосылды.

Жаңа жүргізушілермен қатар халықтың сан-сауалына жауап беретін “Не істеу керек?” айдары да қосылды. Бұл жерде түрлі сала өкілдері кеңестерімен бөліспек.

Асқарбек Қазанғап, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының шеф-редакторы және жүргізушісі:

Бізде негізгі жанрымыз әлеуметтік репартаж жекелеген адамдардың мәселесін шешу арқылы жалқыдан-жалпыға мәселенің шешілу жолын көрсету. Одан ары қарай осыған ұқсас жағдай болса осы бағдарлама арқылы заңды тұрғыдан болсын, басқа тұрғыдан болсын көмек береміз.

Бағдарламаны дүйсенбден бейсенбіге дейін «КТК» арнасынан сағат 18.40 -та тамашалай аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде