{metadescription}
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай: Өзен суы көтеріліп жатыр
Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай: Өзен суы көтеріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай: Өзен суы көтеріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды. Өзен-көлдердегі су деңгейі көтеріліп, бес мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғат апатымен күресуге мыңдаған құтқарушы жұмылдырылды.

Қазір өңірдегі барлық өзен арнасынан асып жатыр. Бұған дейін Шаған, Шыңғырлау, Жақсыбай, Өлеңті өзендерінің бойындағы тоғыз ауылдан 515 үй су астында қалған. Зардап шеккен елдімекендерден 5 мың 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқару жұмыстарына басқа өңірлерден келген қызметкерлер де атсалысуда. Олар әлі су жетпеген ауылдар мен жолдарды сақтап қалудың қамына кірісті. Төтенше жағдай қызметі құм толтырылған қаптармен су жолын бөгеуге күш салуда. Мамандар бар қауіп Жайық өзенінен төніп тұрғанын айтады. Онда өзен суының тез ағып кетуіне ерімей тұрған мұздар кедергі. Енді құтқарушылар қыстай қатқан қалың мұзды жаруға кіріседі.

Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Қазір жағдай өте күрделі, Барлық жерде, барлық өзен суы көтеріліп жатыр. Біз әрбір екі сағат сайын су деңгейін анықтап отырмыз. Соңғы мәлімет бойынша Жайық өзенінде су 5.90 деңгейіне жетті. Ал су деңгейі 6.50-ге жеткенде әуежай бағытындағы саяжайды су басады деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде