Атырау облысы: Елдімекен тұрғындары қолмен тұрғызған бөгеттерді тасқын шайып кетті
Атырау облысындағы Көздіқара ауылын су басып, тұрғындар жаппай көшіріліп жатыр. Қызылқоға ауданының құтқарушылары үш күн бойы аудан орталығы Миялыны қорғап қалуға күш салды. Ал өзге елдімекендегі тұрғындар өздері бөген жасап, тасқынға тойтарыс беруге тырысты. Алайда техникасы жоқ, тек күрекпен тұрғызған бөгеттерін тасқын шайып кетті.
Автор: Жанат Молдашова
02.04.2024
Су кірген Қоныстану ауылындағы тұрғындар мен қора-жайдағы малы қауіпсіз аймаққа көшірілді дейді жергілікті әкімдік. Қазір мұнда алты-ақ техника жүр. Ал қызыл судан қауіп төніп тұрған Тасшағыл ауыл окруніне екі техника енді ғана көмекке жіберіліпті. Ал Ойыл ауыл округіне қарасты Балабейіт қыстағы суда қалды. Қауіпсіз аумаққа көшіру мақсатында ауданнан қайықпен құтқару жасағы кеткен. Яғни төтенше жағдай жарияланған ауданның Миялыдан басқа елдімекендеріне төтеншеліктер енді ғана кетіпті.
Руслан Шариев, Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы:
— Нақты қазір шықты, Миялыдан. Қауіп сейілгеннен бастап шықты. Атырау облысын Ақтөбемен салыстаратын болсақ, біз дайынбыз. Елдімекендерді алып алдық, суға батқан шығын жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!