{metadescription}
Омбы - Майқапшағай халықаралық тас жолын тасқын шайып кетті
Омбы - Майқапшағай халықаралық тас жолын тасқын шайып кетті

Омбы - Майқапшағай халықаралық тас жолын тасқын шайып кетті

Абай облысындағы Омбы - Майқапшағай халықаралық тас жолын тасқын шайып кетті. Соның салдарынан үш автобус пен 30-ға жуық жеңіл көлік су басқан жерден өте алмай жолда қалған.

Қалбатау - Майқапшағай тас жолы. Боғас пен Зайсан аралығында көліктер тұрып қалды. Қар еріп, жаңбыр суынан су көтеріліп жолды алып жатыр.

Қызылсу тас жолдарды шайып жатқандықтан көліктердің өтуі қиындаған. Тіпті тасқынға шыдас бермей жолдағы асфальт та опырылып түскен екен. Қазір полиция қызметкерлері су құрсауында қалған 72 жолаушыны құтқарды. Оның 19-ы бала.

Ал «ҚазАвтожол» мамандары қатынасты қалыпына келтіру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Аудандық маңызы бар үш жолды тасқын тас-талқан еткен. Сол себепті ауылдармен қатынас үзіліпті. Ал, қалған жолдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейіне бақылау жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.