{metadescription}
Алматыда үй-күйсіздерді ұрлап әкетіп, атынан миллиондап несие алғызған 
Алматыда үй-күйсіздерді ұрлап әкетіп, атынан миллиондап несие алғызған 

Алматыда үй-күйсіздерді ұрлап әкетіп, атынан миллиондап несие алғызған 

Алматыда баспанасыз жүрген адамдарды несие алуға мәжбүрлеген қылмыстық топ құрықталды. Күдіктілер үйсіз-күйсіз жүргендерді ұрлап әкетіп, олардың атынан миллиондап несие алғызған екен. 

Қыруар қарызға батқан 29 адам коттеджден табылды. Бәрін сол үйде күштеп ұстаған көрінеді. Әрқайсысының атынан несие рәсімделген. Қаржы ұйымдары да кепілсіз несиені бұларға ләм деместен рәсімдей салған. Қарыз көлемі 200 миллион теңгеге жетеді. Қаңғыбастардың қорғансыздығын пайдаланып, қалтасын қампайтпақ болған 7 адамның қолына кісен салынды. Қазір олар қамауда отыр.

Шыңғыс Әлекешев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.