Алматыда жолаушыға лық толы троллейбус өртенді
Алматыда жолаушыға лық толы троллейбус өртке оранды. Абырой болғанда, адамдар cыртқа шығып үлгерген.
Автор: Әсем Лесбек
02.04.2024
Қоғамдық көлікте қызыл жалын таңғы сағат сағат сегіз шамасында Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысына жеткенде тұтанған. Алғашында жүргізушінің кабинасынан будақтаған түтін салонның ішіне тараған. Жүргізуші дер кезінде аялдамаға тоқтап, жолаушыларды сыртқа эшығарып үлгеріпті.
Автопарк өкілінің айтуынша, өрттің себебі троллейбустің пешіндегі ақаудан шығуы мүмкін. Ал рөлде отырған жүргізушінің 15 жылдық тәжірибесі бар екен. Сапарға шығар алдында троллейбіс тексеруден өткізілген.
Абылайхан Омархан, «Алматыэлектрокөлік» ЖШС директорының орынбасары:
— Алдын ала ақпараттар бойынша, автобустың жылыту құрылғылары дейміз ,яғни пешінен ақау шыққан. Қоғамдық көлік болғандықтан, әрбір жүргізуші таңертең рейске шығар алдында тексеруден өткізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!