{metadescription}
Шенеуніктердің салғыртығынан спортшылар жалақысыз қалды
Шенеуніктердің салғыртығынан спортшылар жалақысыз қалды

Шенеуніктердің салғыртығынан спортшылар жалақысыз қалды

Шенеуніктердің салғыртығынан спортшылар жалақысыз қалды. Атырауда спорт басқармасына қарасты мекемелердің жаттықтырушылары мен жұмысшылары үш айдан бері еңбекақысын алмаған. Тіпті медициналық сақтандыру қорына ақша аударылмай, оларды емхана да қабылдамай қойған. Бюджет мекемесінің жалақыны кешіктіруіне спорт басқармасы атауының өзгеруі және реестрдің аяқасты жаңаруы себеп дейді жауаптылар. 

Атыраудағы аты дардай Мұнайшы спорт кешеніндегі Жоғарғы спорт шеберлік мектебінің қызметкерлері. Сексеннен астам жаттықтырушы мен техникалық қызметкер үш айдан бері еңбекақысын алмаған. Басшылардың «әне-мінесіне» біраз уақыт алданған олар, шыдамы таусылып наразылыққа шықты.

Айжан Айдынғалиева:

Күнде ертең, күнде ертеңмен тойғызып келе жатыр. Сол, осы отырдық. Медсақтандыру төленген жоқ, осы уақытқа дейін зейнетақы қорына төленген жоқ. Тек айлық емес, бюджеттен бізге бір тиын ақша түспеді.

Жансая Науарова:

Жоғарғы спорт мектеп кешені. Үш айдан бері жалақы алған жоқпыз. Зейнетақы қоры, медсақтандыру төленген жоқ. Отбасымыз, бала-шағамыз бар. Коммуналдық қызмет, дәрі-дәрмегіміз бар. Кредитті айтпай-ақ, ол өз алдына. Жағдайымыз өте қиын болып тұр.

Өткен жылы жаз айларында да еңбекақы осылай бірнеше айға кешіктірілген. Сол кезде де жауаптылар түрлы сылтаумен құтылған. Ал бұл жолы әкімдіктегілер басқарманың атауының өзгеруі және реестрде аяқ астынан өзгеріс болып, құжаттар қабылданбай жатыр деп ақталды. 

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына үш қазыналық кәсіпорын қарайды: мүгедектер спорт клубы, мамандандырылған бокс клубы және жоғарғы спорт шеберлік мектебі. Қазір аталмыш мекемелердегі екі жүзге жуық қызметкер жалақысыз жүр. Тіпті ғимараттарының коммуналдық шығынын да төлей алмай отыр.

Тілекқабыл Есдәулетов, Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы:

Үш мекеме бар, оның ішінде мүгедектер клубы үлгеріп алып кетті. Реестр жаңаланбай тұр, ал екі мекеме үлгермей алды. ШВСМ мен бокс клубы. Екеуі ақша ала алмай отыр. Бүкіл комқызмет, «Қазтелеком» төленбей тұр. Бақылауда ұстап отырмыз. Астанамен қайта-қайта сөйлесіп отырмыз.

Қаржыға жауаптылардың айтуынша, бұл қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің үш айдан бері алмаған еңбекақысы 100 миллион теңгеге жуық. Айлар бойы шешілмеген айлық мәселесін шенеуніктер осы аптаның аяғына дейін біржақты қыламыз деп уәде берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде