{metadescription}
Ақтөбе облысында бруцеллез малдың өтемақысы әлі төленбеген
Ақтөбе облысында бруцеллез малдың өтемақысы әлі төленбеген

Ақтөбе облысында бруцеллез малдың өтемақысы әлі төленбеген

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындары етке өткізген малының өтемақысын ала алмай жүр. Бруцеллезге шалдыққан мүйізді ірі қараға бюджеттен құнының отыз пайызы төленуі керек. Бірақ соның өзін созбалаңға салып, шенеуніктер көк тиын татырмапты. Онымен қоса сиырынан індет табылған Бестамақ ауылындағылар бруцеллез вирусы барына күмәнмен қарайды. Тәжірибелі мал дәрігерлерінің өзі буаз сиырдан қыста сараптама алғандарға таң қалып отыр.

Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылы тұрғындары биыл ақтан қағылдық деп отыр. Қорадағы бар буаз сиырдан мамандар бруцеллез анықтап, дереу етке өткізуді талап етіпті. Сиыр етінің бір келісіне берілетін өтемақы түкке тұрмайды деп ашынады. Оған қоса, оны да уақытында бермей созбалаңға салған.

Гүлнәр Айтжанова:

Өзіміз осы жерде сойып алғымыз келіп еді. Сойып алуға рұқсат жоқ, айыппұл саламыз деді. Оның ар жағында сотқа да алып барамыз, сондай болады деді. Сосын біз қорқып тапсырып жібердік. Тапсырғанымен, күні-бүгінге дейін ақшамызды алған жоқпыз. Үкімет өткенде есептеп берді, 760 теңгеден. 760 теңге тіпті тауық та ала алмайсың.

Қорасы қаңырап қалған бестамақтықтар сиырларынан індет табылғанына күмәнмен қарайды. Отыз жылдан аса мал дәрігері болған кәсіби маманның өзі сараптама талапқа сай алынбады деп отыр. Бруцеллез жұқтырған буаз сиыр бірден бұзау тастайды екен. Ең қызығы, ұсақ малдан емес, қоңды, семіз, етке өткізуге салмақтыларынан вирус табылуы пайда көздеудің бір жолы болар деп топшылады тұрғындар.

Әлібек Байжанов:

Сиырдан сәуір, мамырда алады. Сосын күзді күні алады. Екі мезгіл алады. Қыста буаз сиырдан алмайды. Алған жағдайда да ол қырық күннен кейін алуы керек. Әйел адамдар да 40 күн күтінеді ғой. Ол да сол сияқты, малды күтіндіру керек. Олар жоспарда отырған шығар. Оған қоса, қараңыздар, алған сиырлар кіл сақа, салмағы бар, ірі малдар. Буаз сиыр, еті барларынан.

Тұрғындар мал қанына қосымша тәуелсіз сараптама жасатуды талап еткен. Бірақ оған жауапты басшылар тыйым салып отыр. Ал мемлекеттік өтемақыны келер аптада береміз деп уәде берді.

Бердімұрат Бекжанов, Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Бұларда республикалық зертхана. Сонда тексеріледі, жеке сараптама жоқ. Жекеге берілмейді. Облыс бюджетінен 30 пайыз өтемақы төленеді. Сойылған малға өтемақы төленеді. Наурызда тапсырылды. Бірінші сәуірден бастап төленеді.

Енді бестамақтықтарға күнделікті қаймағын қалқып, майын шайқап отыру арманға айналды. Мал ұстағанмен, бәрібір бруцеллез табылып, шығынға жылда батады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде