{metadescription}
Ауылдағы жалғыз құдық жеке өтіп кеткен — Алматы облысы
Ауылдағы жалғыз құдық жеке өтіп кеткен — Алматы облысы

Ауылдағы жалғыз құдық жеке өтіп кеткен — Алматы облысы

Жалғыз құдық та жекеге өткен. Алматы облысында күні жалғыз артезиан суына қараған тұтас бір ауылдың тұрғындары не істерін білмей отыр. Елдімекендегі жалғыз құдық айналасындағы жерімен бірге сатылыпты. Ал жаңа қожайын аумағын қоршай бастаған. Ал жер телімінің кімге қалай сатылғанынан ауыл әкімі бейхабар.

Көпбалалы ана Алтынай Өлмесова Жамбыл ауылына көшіп келгеніне 10 жылдан асқан. Жер алып үй саларда шенділер артезиан құдығы мемлекет меншігінде, сондықтан жекенің қолына өтпейді деп сендірген. Айтуынша, 200 метр тереңдіктегі артезиан құдығына мемлекеттен 4 сотық жер бөлінген екен. 

Алтынай Өлмесова:

Үкіметтің жерін жекеменшікке айналдырып жіберді. Біз соған қарсымыз. Осы отырған халық, жан-жақтағы ауыл, бәріміз осы жерден су ішеміз. Бізге түбегейлі осы мәселені шешіп берсін деп талап етеміз. Сондықтан біз, халық жиналып, ашынғаннан, ащы дауысымыз шығады деп, он күннен бері шырылдап жүрміз.

Артезиан құдығын қазір 2000-ға жуық жергілікті тұрғын мен алыс-жақын ауылдар пайдаланып отыр. Жамбылдықтарда қазір бұл құдықтан өзге су көзі жоқ. Өйткені ауылдың құрылғанына он бес жыл болса да, үйді-үйге әлі су тартылмаған. Тұрғындар жалғыз құдықтың жекеге өткеніне үзілді-кесілді қарсы.

Он күннен бері әкімдіктің есігін тоздырған жамбылдықтар тұшымды жауап та ала алмай отыр. Өздері сайлаған әкім талайдан бері төбе көрсетпепті. «Есігін қағып, базынамызды жеткізе алмай жүрміз» - дейді тұрғындар.

Кәдірбай Жанабаев:

Осы жерде 1985 жылдан бері тұрамын. Қазір қолдарыңнан келетін болса, осы суды халыққа тастап кетсе. Өйткені бүкіл ауыл сусыз қалды. Мына құдықтан басқа су алатын жеріміз жоқ.

Дүйсенбек Қарғабаев:

Өзіміздің негізгі су қорымыз. Жалпы осы жердегі халықтың ішетін суы осы. Әкім үндемейді. Мен сәулет-құрылыс басқармасына барамын, көремін, хабарын айтамын деген. Бір апта өтіп кетті, ешқандай хабары жоқ. Әшейін бізді бала сияқты алдап шығарып салды ғой.

Ұстатпай жүрген әкім осы жолы халықтың алдына шығып, жердің кімге, қалай, қашан сатылғаны туралы толық ақпарат жинап жатқанын айтты. Ал оны қайтару үшін тиісті мекемеге хат жолданады және 2025 жылға дейін Жамбыл ауылы ауыз сумен толық қамтылады деп уәдесін берді.

Еламан Өмірбаев, Жамбыл ауыл округінің әкімі:

Қаскелең топтық су құбыры деген жоба жүзеге асырылып жатыр. Сол жоба аясында 2025 жылға дейін Жамбыл ауылы толық ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылындағы артезиан құдығы Кеңес заманынан бар. Бұрын бос жатқан алқапта бүгінде халық көп қоныстанған. Табиғи, минералды ауыз суын пайдаланып отырған тіршілік көзі ел игілігіне жұмсалса дейді жамбылдықтар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде