{metadescription}
«Әйел теңдігі». Қазақ қызы Анар Эвересті бағындыруға аттанады
«Әйел теңдігі». Қазақ қызы Анар Эвересті бағындыруға аттанады

«Әйел теңдігі». Қазақ қызы Анар Эвересті бағындыруға аттанады

Қазақ қызы Эверест шыңын алғаш рет бағындыруға аттанады. 6 сәуірде белгілі отандық альпинист Мақсұт Жұмаев бастаған топ Непалға жол тартады. Мақсұт Жұмаев әлемнің ең биік шыңын осыған дейін екі рет бағындырған. Ол енді Анар Бурашеваны Эвереске шығуға дайындап жатыр. Осылайша ол алып таудың ұшар басына табаны тиген тұңғыш қазақ қызы атанады. Альпинист қыз бұған дейін Талғар шыңын бағындырған, сондай-ақ Монблан және Килиманджаро шыңдарына экспедиция құрамымен шыққан.

Анар Бурашева, альпинист:

Он жыл бойғы арманым. Дайындық ойдағыдай. Мақсұт жақсы көмектесіп жатыр. Осы идеямен мен әйелдермен ерлермен теңдігін көрсеткім келеді. Қазір әйелдер басқа да салаларды бағындырып, өз армандарына жетіп жатыр. Өзімді қарапайым әйел деп сезінемін. Арманыма жетем деп сенемін.

Әлемнің ең биік нүктесі Эвересті бағындыру үшін арнайы дайындық қажет екені айдан-анық. Осы Джомалунгманы екі рет бағындырған Мақсұт Жұмаевтың айтуынша, альпинизмде әйел, не еркек деген түсінік жоқ. Шыңға шығатын әр адамды экспедиция қатысушысы деп қана қабылдайды. Ол қауіпке бас тіккен Анар Бурашеваның жетістігі қазақ қыздарына үлгі болса дейді.

Эверестке шыққан, ғарышқа ұшқан қазақ қызы жоқ. Анар әлемнің ең биік нүктесіне табан тіресе, бұл бар қазақтың мақтанышы болмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дайындық пен арнайы киімді есептемегенде, әр адамға 40 мыңнан 100 мың АҚШ долларына дейін кетеді екен. Экспедиция демеушілердің қаржысына ұйымдастырылып жатыр.

Мақсұт Жұмаев, альпинист, Kazakh Everest Team экспедициясының жетекшісі:

Қазір альпинист қыздардың арасында Олимпиада жүлдегерлері жоқ. Ғарышкер қыздар да жоқтың қасы. Анардың дайындығы осы нәтижеге жету жолындағы қадам деп білемін. Бұл жас буынға үлгі болмақ. Олардың жаңа бағытқа, мақсатқа ұмтылуына мүмкіндік берері сөзсіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде