Қарағанды облысында тасқынның екінші толқыны күтілуде
Қарағанды облысында тасқынның екінші толқыны күтілуде. Өңір аумағының 40 пайызын әлі қалың қар басып жатыр. Бүгінге дейін қызыл су кірген бірнеше ауылға гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
03.04.2024
Ақтоғай ауданындағы Қарақой ауылына азық-түлік тікұшақпен жеткізілді. Ауыл тұрғындары қоршаған қызыл судан шыға алмаған. Гуманитарлық көмек апарған тікұшақ ауылдан 12 баланы мен аяғы ауыр екі келіншекті аудан орталығына жеткізді. Гуманитарлық көмек Шет ауданыдағы Қайрақты ауылына да жетті. Ал осы адандағы Шопа ауылын ағысы қаты өзен өркенитетен бөліп тастады. Жұрт жолға қайықпен шығып жүр. Су басқан төрт ауылда ірілі-ұсақты жүзден ден астам мал арам қатқан. Өңірде төрт жолды су шайды. Құтқарушылар тасқынның екінші толқынына дайындалып жатыр. Жақын күндері ауа температурасы көтеріледі. Оскаравка, Нұра мен Ақтоғай ауданарында көп қар жатыр. Сондықтан су қоймаларындағы артық суды ағызу басталды.
Қанат Ысқақов, Қарағанды облыстық ТЖД басқарма бастығы:
— Шерубай, Нұра, Ынтымақ және Самарқан су қоймаларындағы су біртіндеп жібере бастадық. Одан төмен жатқан ауылдар бақылауға алынды. Су кіру қаупі бар жерлерге бөгеттер салынып, кірген жағдайда сору құрылғыларын дайындап отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!