{metadescription}
Ұлытауда қырылған малға жалған есеп берген АШМ сынға ұшырады
Ұлытауда қырылған малға жалған есеп берген АШМ сынға ұшырады

Ұлытауда қырылған малға жалған есеп берген АШМ сынға ұшырады

Аузын қу шөппен сүртіп, шаруалардың өзін кінәлаудан әріге бармады. Мәжіліс депутаттары Ұлытаудағы жұт бойынша «малдың жаппай өлімі фактілері жоқ» деп есеп берген ауыл шаруашылық министрлігін сынады.

Арқадағы ауыл тұрғындары бағып отырған малдарының жұтқа ұшырады деп дабыл қаққанына бір жарым айдан асқан. Ірі шаруаларды айтпағанда, шағын ауылдардың өзінен 100-ден астам жылқы қырылған. Тек Қаражалдың өзінде – 566 бас жылқының өлексесі жиналыпты. Жұт тек Ұлытау жерінде ғана емес, Ақмола, Қарағанды облыстарын да тіркелген.

Депутат Ерболат Сатыбалдин жайылымдық тебіндерді аршып, жем-шөп таратып, мал басын алып қалуға жасаған әрекет мардымсыз, шала болды деп санайды. Бұған жауапты мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктерден бөлек, мемлекеттік бақылау мен реттеудің салғыртты себеп деді мәжілісмен. Жұтап қалған елдің еңсесін көтеру үшін Сатыбалдин бірнеше ұсыныс айтып отыр.

Ерболат Сатыбалдин, Мәжіліс депутаты:

Зардап шеккен шаруа қожалықтары мен өлім-жітімге ұшыраған мал басы санағын жүргізу және шаруа қожалығы жоқ ауыл тұрғындарының тіркеуде болмаған малдардын санаққа енгізуге рұқсат беру үшін жасыл дәліз ашу керек. Жылқының жаппай қырылуына байланысты Ұлытау облысында төтенше жағдай жариялау керек. Үшінші, жұттан титыққан шаруаларға қолдау ретінде ауылшаруашылық мақсатта алған несиелеріне кешірім жариялау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.