{metadescription}
Бес жыл тексерілген Bek Air ұшағы апатының тергеуі аяқталды
Бес жыл тексерілген Bek Air ұшағы апатының тергеуі аяқталды

Бес жыл тексерілген Bek Air ұшағы апатының тергеуі аяқталды

Бес жыл бойы тексерген! 2019 жылы Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының ұшағына қатысты тергеу аяқталды. Бас көлік прокуратурасы бүгінде істің мән-жайымен тараптар жіті танысуда деп мәлімдеді.

Бас-аяғы осы уақыт ішінде 4 мыңнан астам тергеу әрекеті, 150

сот-медициналық сараптама мен арнайы зерттеулер жүргізіліпті. Прокуратура сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды сияқты елдерден құқықтық және техникалық ақпарат алған.

Еске салсақ, апат 2019 жылдың 27 желтоқсанында болды. Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 жолаушылар ұшағы әуеге көтерілмек болған кезде әуежай іргесіндегі екі қабатты үйге соғылған. Экипаж командирін қосқанда 12 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.