{metadescription}
Маңғыстау облысында газ жарылып, үй иесі мерт болды
Маңғыстау облысында газ жарылып, үй иесі мерт болды

Маңғыстау облысында газ жарылып, үй иесі мерт болды

Маңғыстау облысында газ жарылып, бір адам көз жұмды. Апат түнгі сағат үш шамасында жұрт шырт ұйқыда жатқанда болған.

Жойқын жарылыстан бес бөлмелі үй қирап, күл-талқаны шыққан.  Құтқарушылар үйінді астынан 42 жастағы үй иесінің денесін алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсеткенімен, аман алып қалу мүмкін болмады.

Апаттың себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша қолдан жасалған жылыту қазандығынан ақау шығып, газ-ауа қоспасы жарылған. Оқыс оқиғаға дейін үй иесіне талапқа сай келмейтін пешті бұзып тастау туралы ескерту жасалыпты.

Ақан Нұрдәулет, Маңғыстау облыстық ТЖД қызметкері:

Аталған дерек бойынша Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаменті Бейнеу ауданы төтенше жағдай бөлімімен ҚР ҚК 292-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сот-сараптама тағайындалуда. Табиғи газдың ағуы нәтижесінде газ-ауа қоспасының жарылуынан деген болжам бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде