Ақтөбе облысында он жасар бала шұңқырдағы суға тұншығып өлді
Ақтөбе облысында он жасар бала шұңқырға жиналған суға құлап тұншығып өлді. Ол қатарластарымен ауыл шетінде ойнап жүргенде шұңқырға құлап кетіпті.
Автор: Жаңалық Ахаш
03.04.2024
Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылында болды. Мектеп оқушылары сабақтан қайтып келе жатқанда сай маңында ойнаған. Төрт баланың бірінің аяғы батпаққа тайып кетіп, суға толы сайға құлайды. Қасындағылар ересектерді шақырып келгенше, ол тұншығып қалған. Дереу ауыл фельдшерін көмекке шақырғанымен, бәрі кеш болды. Суға кеткен төртінші сынып оқушысы бір үйдің тұңғышы екен.
Бақытжан Түлкібаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
— Медпункт бар, фельдшерге хабарласқан. Көмекке атасы, үйдегі адамдар келіп, баланы әрең тауып алады , бірақ кеш болды. Қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!