{metadescription}
Тайвань аралында қатты зілзаладан 10 адам ажал құшты
Тайвань аралында қатты зілзаладан 10 адам ажал құшты

Тайвань аралында қатты зілзаладан 10 адам ажал құшты

Тайвань аралындағы жойқын жер сілкінісінен 10 адам ажал құшты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің саны сағат сайын артып жатыр. Соңғы мәліметке сәйкес, 900-ден астам адам жарақат алған.

Жер дүмпуі тіршілік қыз-қыз қайнаған таңғы уақытта болды. Бір сағаттың ішінде үш рет сілкінген. Алғашқысының магнитудасы 7 жарым болса, қалған екеуінікі алты баллдан асады. Қуаттылығының шамасын жан-жаққа төгіліп жатқан қауыздағы судан-ақ байқауға болады. Табиғи апаттан жалпы 26 ғимарат қираған. Біреуі бір жағына қисайып тұрып қалыпты. Үйіндінің астында әлі 77 адам жатыр деген мәлімет бар.

Қазір аралда жарық жөнді істемейді, интернет желісі баяулаған. Жергілікті билік бүгінгі зілзаланы әлсіз болады деп ойлап, халыққа хабарландыру жіберіп ескертпегенін мойындап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде