Студентке қырындап қол жүгірткен профессор абақтыда отыратын болды
Елорданың медициналық университетінде студентке қырындап қол жүгірткен профессорға қатысты сот шешімі шықты. 60 жастағы Алшан Исмаилов енді осы оғаш қылығы үшін 30 тәулік абақтыда отырады.
Автор: Айжан Шамшидин
05.04.2024
Студент қыздарға көз сүзген ұстаздың әрекетін сот «харассмент» деп таныпты.
Естеріңізге салсақ, былтыр аталмыш оқу орнының төртінші курс студенті «мұғалім емтихан кезінде оғаш әрекет көрсетті» деп, әлеуметтік парақшасында көпшіліктен араша сұрап жазба қалдырған. Біздің арнамызға берген сұхбатында да сол бір қорқынышты күнді бүгі-шігесіне дейін еске алып, тәпсірлеп берген еді. Сол күні мұғалімнің тірлігіне шамданған адамның қарасы көп болды. Енді абақтыға қамалғаннан бөлек, ұстаз мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында дәріс бере алмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!