Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан президенті сән-салтанатпен қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды. Үргеніш қаласындағы әуежайда Қазақстан президентін әріптесі Шавкат Мирзиеевтің өзі сән-салтанатпен қарсы алды.
Автор: Айжан Шамшидин
05.04.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысында жол апатынан көз жұмған өзбекстандық сегіз азаматтың қазасына байланысты қайғыра көңіл айтты. Айта кетейік, бұл сапар аясында қос елдің басшысы бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көрді. Осы орайда мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың 2034 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау бастамасын қолдайтынын айтты. Мирзиев пен Тоқаев екі ел арсындағы өзара тауар айналымын ұлғайту, энергетика, көлік, су шаруашылығындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!