{metadescription}
«Тұрмыс жақсарған». Атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайыпты
«Тұрмыс жақсарған». Атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайыпты

«Тұрмыс жақсарған». Атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайыпты

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайды. Үш жыл бұрын жәрдемақының аталмыш түрі бір миллиондай адамға төленсе, қазір оның саны — 312 мың. Соңғы бір жылда 58 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуды тоқтатқан.

Олардың тұрмысы түзеліп, жағдайы жақсарған дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың көбі Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында тұрады. Ұлытау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл төлемді алатындар саны аз.

Әсия Құрманқұлова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқарма басшысы:

Атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады. Процесс толық автоматтандырылған. Ресми кіріс туралы деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алынады. Кейбір тұрғындар басқа кірісін жасырғандықтан,  көмек алатындар тізімінде болуы мүмкін. Дегенмен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде