{metadescription}
Көкшетау іргесіндегі саяжайларды су басты — өтемақы төленбейді
Көкшетау іргесіндегі саяжайларды су басты — өтемақы төленбейді

Көкшетау іргесіндегі саяжайларды су басты — өтемақы төленбейді

Көкшетау іргесіндегі саяжайларды су басты. Қала тұрғындарының демалысы мен қосымша табыс көзіне айналған бау-бақшасы мен шағын үйлері ортан белден суда тұр. «Транспортник»  кооперативінің мүшелері қазір  өз саяжайына жете алмай жүр.

Михаил Сецвера, саяжай иесі:

Болар іс болды. Саяжайға су толды. Енді мұның себебін табу керек. Шағалалы су қоймасын реттейтін механизм бәрі ескірген, ағын судың жолдарын ешкім зерттемейді. Әрине, жылда осылай қиналамыз. Шыққан шығынымызды да ешкім төлемейді.

Қала іргесіндегі 300-ге жуық саяжайда жүздеген адам тұрып  жатқанымен, тұрғын үй есебінде жоқ. Сондықтан бүгінгідей апат болған сәтте саяжай иелеріне мемлекет тарапынан  өтемақы төленбейді дейді шенеуніктер. Тұрғындар осыған наразы. Өйткені Шағалалы су қоймасы әсіресе, көктемде толған кезде, ағызылған артық су осы жаққа беттейді. Енді тағы да 100 шақты үй мен бау-бақша топан судың астында қалған. Мүліктері малмандай болып, енді иелері саяжайға жақындай алмай жүр. Бұған дейін төтеншеліктер оларға ескерту жасаған. Дегенмен бар дүниені көшіріп әкете алмадық дейді олар. Су қорғау аумағында орналасқан саяжай болғандықтан, тасқын мұнымен біткен жоқ. Ал әлсін-әлсін қоймадан су жіберілмесе, қауіп Красный яр кентіне төнеді екен.

Жанай  Төлегенов, Зеренді аудандық әкімдігінің бас инспекторы:

Қар күрт еріп, сай-саладан ағылған су Шағалалы өзеніне, одан су қоймасына құйылуда. «Казводхоз»кәсіпорнының ақпараты бойынша секундына 90 текше метр суды сыртқа ағызуға тура келіп отыр. Жағдай қазір қалыпты болғанымен, әлі де қауіп бар. Күн  қатты ысып кетіп су мөлшері артса, Красный яр кентіне жайылуы мүмкін. Сол үшін аз аздап жіберіп, бақылауда ұстап тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде