{metadescription}
Құтқарушылар Астана маңындағы Талапкер ауылын тасқыннан қорғап қалды
Құтқарушылар Астана маңындағы Талапкер ауылын тасқыннан қорғап қалды

Құтқарушылар Астана маңындағы Талапкер ауылын тасқыннан қорғап қалды

Астана маңындағы Талапкер ауылын құтқарушылар қарғын судан қорғап қалды. Арнайы техникамен түнімен жабылып жұмыс істеген мамандар үйлерге қарай жөңкілген топан суды тоқтатып, арнаны Есілге бұрды.

Талапкер ауылы арқылы өтетін жасанды арық Есіл өзеніне құюға тиіс. Бірақ қар күрт еріп, топан су сай-салаға жайылған. Екпін су енді болмағанда тұрғын үйлерге кіре жаздады. Ағын судың қарқыны қатты болғандықтан, оның арнасын бұру да оңай болмапты. Арнайы техникамен құтқарушылар 26 тұрғын үйдің ауласын тазартқан. Әзірге жағдай қалыпты дейді төтенше жағдайлар қызметі. Талапкерді тасқыннан аман алып қалу үшін Астанадан да көмек келген.

Ерлан Молдаханов, Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Арнайы канал лық толып, су арықтың үстінен жүріп кеткен. Енді кешіккенде ауылдағы үйлер суға толар еді. Бізге Астанадан қосымша көмек қосылып, азаматтық қорғаныс саласы да ат салысты. Көптің күшімен қауіптің алдын алдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.