{metadescription}
Тасқыннан зардап шеккендерге бір жолғы көмек беріле бастады
Тасқыннан зардап шеккендерге бір жолғы көмек беріле бастады

Тасқыннан зардап шеккендерге бір жолғы көмек беріле бастады

Еліміздің бірқатар өңірлерінде тасқыннан зардап шеккендерге бір жолғы көмек беріле бастады. Бірақ әр аймақтың бөлген қаржысы әркелкі. Өйткені бюджет бекіткен қаражаттың көлеміне байланысты екен.

Батыс Қазақстан облысында қарғын судан 1171 отбасы зардап шеккен. Олардың шаңырақтарын қазір комиссия аралап жүр. Баспанасының сөгілген іргетасы мен қабырғасынан бастап, ылғалдан жанып кеткен тұрмыстық техниканы тізімдеп жатыр. Зардап шеккен әр отбасына Оралда біржолғы көмек ретінде 184 мың теңгеден төленеді. Қазір оны 375 отбасы алып үлгерген.

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен отбасыларына берілетін бірреттік көмек көрші өңірге қарағанда екі есе артық. Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би ауданы тұрғындарына 300 мың теңгеден, қалған 11 аудандағылар 369 мың теңгедей алады. Қазір бір жолғы көмек алуға екі мыңдай адам арыз берген. Үй аралаған комиссия алдымен акті толтырып, аудан әкімдіктегілеріне тапсыруға тиіс. Соның негізінде анықтама беріліп, ақша шотқа түседі. Шенеуніктер бір жолғы көмек пен мүлікке келген шығын өтемін шатастырмауды сұрап отыр.

Гүлназ Сисенова, Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:  

Екі төлемнің айырмашылығы бар. Бірінші біздің жұмыспен қамту бөлімімен бөленетін төлем тек бір жылға, бір жолға төленеді. Ал компенсация бүлінген мүлік құнын шығарып, құнын қайтару төлемі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде