{metadescription}
Шымкентте қызын аяусыз ұрған әйелге қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте қызын аяусыз ұрған әйелге қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте қызын аяусыз ұрған әйелге қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте кәмелетке толмаған қызын аяусыз ұрған қатыгез анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің әрекеті желіге тарап, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып отыр.

Әлденеге ашуланған әйел қызын қуып келіп, пышақпен сес көрсетеді. Суық қаруды бетіне тақап, одан кейін үстіне шығып алып қолымен бірнеше мәрте ұрады. Ол аз болғандай, қоқыс тастайтын шелекпен басынан соққылағаны да видеоға анық түсіп қалған.

Белгілі болғандай, оңбай таяқ жеген жасөспірім әйелдің бірінші некесінен туған қызы екен. Қазір жеткіншек әкесінің қамқорыында. Ал қатыгез әйелдің әрекеті желіге шыққан соң, тәртіп сақшылары бірден іс қозғап, ашуының себебін анықтап жатыр.

Серік Ергешов, Шымкент ПД бастығының орынбасары:

  Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген адамдарды анықтады. Аталған фактімен 31 наурызда қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің бірінші некесінен туған жәбірленуші қыз қазір әкесінің қамқорында. Тергеу жүргізілуде. Қажет сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс полиция департаменті бастығының бақылауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде