{metadescription}
Бүгін — тағдырлар жазылатын қасиетті түн
Бүгін — тағдырлар жазылатын қасиетті түн

Бүгін — тағдырлар жазылатын қасиетті түн

Бүгін қайырымы мол – Кадір түні. Күллі мұсылманға қадір-қасиеті, мән-маңызы айрықша Рамазан айы бітуге таяу. Діни басқарма биыл тағдырлар жазылатын қасиетті түнді сәуірдің 5-нен 6-на қараған түніне белгілеген болатын.

Мың айдан да қайырлы түнде жасалған құлшылық, дұға-тілектер қабыл болады деп есептеледі. Өйткені Қадір түнінде жасалған құлшылық сауабы 83 жыл бойғы ғибадатпен тең әрі адамның бір жылғы береке-несібесі жазылады. Шарапаты мол түні жамағат уағыз тыңдап, имамдар Құран оқиды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт намазының кестесін де жариялады. Астана мен Шымкент қаласында айт намазы 10 сәуірде сағат таңғы 7.00-де, ал Алматы қаласында сағат таңғы 6.30-да оқылады.

Нұриддин Әбдісаматұлы, Әбу Насыр әл-Фараби мешітінің наиб имамы:

Жоспар бойынша арнайы құптан намазы, тарауық намазы жамағатпен оқытылады. Әрі қарай да жеке құлшылыққа көңіл бөлеміз. Жамағатқа уағыз айтылады. Шамамен 5 мыңға жуық адам мешітке сыяды. 30 күн бойы оқылған құран хатымның дұғасы сыртта ЛЭД экрандар арқылы жамағатқа көрсетіледі. Кеш қайтатын кісілерге арнайы үш бағытқа Астананың оң жағалауына қарай жүретін автобустар жүреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде