{metadescription}
Есіл арнасынан асып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
Есіл арнасынан асып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде

Есіл арнасынан асып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде

Ақмола облысында Есіл өзені арнасынан асып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіре басталды. Есіл қаласында құтқарушылар адамдармен қоса малды да аман сақтап қалуға бар күшін салып жатыр.

Облыс орталығынан шалғай жатқан Есіл қаласына қызыл су лап қойған. Қала іргесін жанап өтетін өзен мұзы еріп арнасынан асып кеткен. Сай-салаға жайылған су әп-сәтте көпқабатты 18 үй мен бес баспананы басып қалған. Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Әсіресе қарттар мен балаларға көмек керек болған. 32 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 12-сі бала.

Сырттан келген қауіпті сезіп азан-қазан болған малды да қорадан алып шығу оңай болмапты. Бәрін қайықпен тасымалдап, құрғақ жерге жеткізіп үлгерген.

Бауыржан Жолдасов, Есіл ауданы ТЖБ бастығы:

Тасқынға қарсы күрес тәулік бойы жүріп жатыр. Өйткені Есіл өзенінің мұзы әлі толық еріген жоқ. Жергілікті атқарушы билікпен бірлесе жүріп, 3300 текше метр су шығарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде